RU
Телекоммуникациялық оператор
50 жыл
біз байланыстамыз!
1966 жылдан бері

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы

Біздің қауіпсіздікке бағытталған жолымыз

Жаңа еңбек жылын бастай отырып,  ҚазМұнайГаз компания тобының (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қосқан үлесін бағалау қажет.

ҚазМұнайГаз компаниясының жұмыскерлерінің және мердігерлік ұйымдарының қауіпсіздігі мен денсаулығын жақсартуға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатына ұмтылу ҚазМұнайГаздың бизнестегі ұзақ мерзімді табыстылығының негізі болып табылады.

Біз өзіміздің негізгі құндылықтарымызға ортақтасқан ҚазМұнайГаз дың барлық жұмысшыларын қатыстыра отырып, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ мінсіздік пен жетістіктерге ұмтыламыз. Бұл мақсаттарға жету үшін бізге сіздердің жеке мүдделілігіңіз бен қолдауларыңыз қажет.

Қауіпсіздік және денсаулық мәдениеті әрқашан көшбасшылықтан басталады. Көшбасшылар басқа жұмыскерлерге өз кезегінде мәдениеттің мінез-құлық үлгісін көрсетеді. Көшбасшылар сонымен қатар талаптар белгілеп, құрылым жасап,  басқаларды оқытып мәдениетке әсер етіп, нәтижеге жеке жауапкершілікпен қарайды Мұндай қауіпсіздік мәдениеті ҚазМұнайГаздағы басқарудың әрбір деңгейінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Ол үнемі нығайып, жетілдірілуі керек, қауіпсіздік және денсаулық сақтау мәселелері басқа басымдықтарға қарағанда жоғары болуы тиіс.

Біздің басты мақсатымыз - ҚазМұнайГаз бен мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерінің күн сайын үйлеріне аман-есен қайтуы үшін жағдай жасау. Біз әрқашан басты мақсатымыз – ЗИЯНСЫЗ ЖҰМЫСҚА қол жеткізу үшін еңбектенеміз

Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің тұжырымдамасы жұмыскердің нормативтік талаптарын сақтаумен қатар, жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін өз жауапкершілігін мойындауды қамтиды.
Біздің қазіргі кезеңдегі міндетіміз ресми қауіпсіздік процедураларын сақтауды ғана емес, сонымен қатар ҚазМұнайГаздың әр жұмыскерін оларды жетілдіруге шабыттандыру болып табылады.

Сондықтан қауіпсіздікті және еңбекті қорғау мәселелеріндегі көшбасшылық тек қана жоғары және орта буын басшыларынан ғана емес, сондай-ақ барлық қол жетімді байланыс құралдары пайдаланылып, ҚазМұнайГаз қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдарынан бастау алуы тиіс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетінің дамыту, үздіксіз жетілдіруге бағытталған  шексіз ұзақ  үдеріс. Қауіпсіздік мәселесінде тым асыра менмендік пен өз-өзіне сенушілікке жол жоқ. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үдерістерін үнемі жетілдіру жұмысшыларға қойылған мақсаттарына жету үшін барлығын жасауға мүмкіндік беретін тәртіпке дағдыландырады және зейінді арттырады.

Әрине, әлемдегі ешқандай мұнай-газ компаниясы, оның ішінде ҚазМұнайГаз да осы салада толық табысқа қол жеткіздік деп айта алмайды.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен барлық жұмыскерлерге өз ісіне берілгендігі,тұрақты және тиімді компания -ҚазМұнайГаз болашағына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс айтамын, сондай-ақ Сізге және сіздің отбасыларыңызға қауіпсіз жұмыс және 2018 жылда сәттілік тілеймін.

Құрметпен,
Сауат Мыңбаев

 

Жарияланған күні: 17 қаңтар 2018



26 тамыз 2024

Қауіпсіздік техникасы

20 маусым 2024

Балалардың көзімен қауіпсіздік

20 маусым 2024

Шағын футболдан жарыс

20 маусым 2024

9 Мамыр жеңіс күні құтты болсын!

20 маусым 2024

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы

20 маусым 2024

Балалар қорғау күні

20 маусым 2024

Наурыз

20 маусым 2024

Наводнение

29 сәуір 2024

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні туралы

23 шілде 2023

ТИМБИЛДИНГ 2023

20 маусым 2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері арасында жылдық Спартакиада-2023 өткізілді.

23 мамыр 2023

Шағын футболдан жарыс

15 мамыр 2023

"Самал" шатқалындағы сенбілік және демалыс

15 сәуір 2023

Сенбілік

17 тамыз 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: ISO 37001 халықаралық стандарты

17 тамыз 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейнероликтер

13 қыркүйек 2018

365 қауіпсіз күн - 100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында

28 сәуір 2018

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы- Кемелдену жолында 27.04.2018г

2 наурыз 2018

ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік: Біз алға қадам басамыз

Біздің өндіріс саламыз мезгіл-мезгіл тәжірибемізді, технологиямызды немесе философиямызды бизнесті дұрыс жүргізіп отырмыз ба, жоқ па, сол тұрғысынан қайта қарауға мәжбүрлейтін апатты оқиғаларға кезігіп отырады. 

17 қаңтар 2018

"ҚазМұнайГаз" АҚ Басқарма Төрағасының Жолдауы

Жаңа еңбек жылын бастай отырып,  ҚазМұнайГаз компания тобының (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қосқан үлесін бағалау қажет.  

31 желтоқсан 2016

Жаңа 2017 жылмен құттықтаймын!

Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! 

5 қазан 2016

Мерейтой

«Мұнайтелеком» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің құрылғанына  50 жылдық мерейтойы  атап өтілді.  Мерейлі мерекелік жиынға мекеменің ардагерлері шықырылды. 

4 қазан 2016

Мерейтойлық спартакиада

«Мұнайтелеком» ЖШС-нің  50 жылдық мерейтойы мерекесі  қарсаңында  бөлімшелер жұмыскерлерінің  арасында  футзалдан  спорттық сайыс  ұйымдастырылды. 

2 қыркүйек 2016

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймыз!

Жер қойнауынан қара алтынды игеріп, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз. Әрқашан да жасампаз еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп, Тәуелсіз Қазақ елінің туы биік, тұғыры мықты болып, қарыштап дамуы үшін қажырлы үлестеріңізді қоса беріңіздер! Алдағы уақытта мұнайшылар қауымының асқаралы асуларды бағындырып, асқақ биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!  

 

 

 

12

Деятельность