1966 жылдан бері
2024 жылы Қазақстан мұнайы алғаш рет өндірілгеніне 125 жыл толды
2024 жылы Қазақстан мұнайы алғаш рет өндірілгеніне 125 жыл толды. Бұл атаулы дата – еліміздің экономикалық, индустриялық және әлеуметтік дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. 1899 жылдың 18 қарашасында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қарашұңғыл кен орнынан №7 ұңғыда 40 метр тереңдіктен алғаш мұнай бұрқағы атқылады, бұл еліміздегі мұнай-газ саласының бастау алған уақыты ретінде тарихта қалды. Осы айтулы мерекеге орай «Мұнайтелеком» ЖШС «Жас мамандар кеңесінің» ұйымдастыруымен зияткерлік «Ой дода» сайысы ұйымдастырылды. Ойынға мекеменің орталық аппаратынан бөлек, Жаңаөзен, Жетібай, Қаламқас кен орнында еңбек ететін жұмысшылардан құралған 8 топ қатысты. Жарыс барысында қатысушылардың білімдері мен шығармашылық қабілеттері жоғары бағаланды.Тартысты 5 турдан құралған ойында «Әжемнің шәйі» командасы топ жарды. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Қазақстан мұнайының 125 жылдық мерейтойы – бұл еліміздің даму тарихындағы маңызды белес. Осындай шаралар арқылы жастардың осы тарихи мұраны бағалап, оны одан әрі дамытуға деген қызығушылығы арта түсетіні сөзсіз. Қара алтын қоры сарқылмай, еліміздің ертеңі үшін игеріле берсін деген тілектеміз!
















1 тамыз 2016
"04"августа 2016 г. состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя
01.08.2016 г. Всем работникам ТОО «Мунайтелеком» сообщаем, что «04» августа 2016 г., в 12:30 состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя с трудовым коллективом на месторождении «Каламкас» здание ЦАП «Каламкас».
29 шілде 2016
Үздік маман
«Мұнайтелеком» ЖШС-де ҚР мұнайгаз кешені қызметерлері Күні қарсаңында жұмыскерлер арасында «Үздік маман» кәсіби байқауы өткізілді, байқаудың қорытындыларын жариялаймыз:
21 шілде 2016
"Мұнайтелеком" ЖШС-нің басшылығының ауысуы
11 шілде 2016 ж. бастап «Мұнайтелеком» ЖШС-не
жаңа директор тағайындалды – Үмбеталин Абай Нариманұлы.
11 маусым 2015
Бағалық ұсыныс жолымен сатып алудың қорытындыларының күші жойылғандығы туралы хабарландыру
Сатып алу Ережесінің 114 б. сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді акционерлік қоғамы «Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы мен "Мұнайтелеком" ЖШС елу және одан астам пайызы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) сатып алу №15648 «Телефон Кабелі»569847 лоты бойынша сатып алулардың қорытындысы күшін жояды.
Деятельность
Компания объединяет нефтяные промыслы полуострова Мангистау в единое информационное пространство, непосредственно способствует освоению нефтяных богатств нашей земли, оказывает широкий спектр коммуникационных услуг.Оператор связи
Наша компания предоставляет услуг телекоммуникации, стационарной, спутниковой и подвижной радиосвязи, а также, монтаж и наладка средств автоматики, технологического оборудования, линий и технических средств связиСпектр услуг








