1966 жылдан бері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс: ISO 37001 халықаралық стандарты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойғаны белгілі. Түзетулер квазимемлекеттік сектор субъектілерінде ұйым қызметкерлерінің, сондай-ақ оның контрагенттерінің парасатты және әдепті мінез-құлқының корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруды көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдарда сыбайлас жемқорлықты жою мен оның алдын алудың тиімді құралдарының бірі, сонымен қатар ұзақ жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі әрі кешенді жоба.
Қазіргі таңда «МұнайТелеКом» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша көптеген халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жұмытарын жүргізуде.
Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің шын мәнінде тиімді жүйесін құруға, ең алдымен, Халықаралық стандарттау ұйымы әзірлеген ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты демеу болады. Бұл көбінесе стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің барлық негізгі элементтері бар екендігіне, сондай-ақ оларды ұйымның бизнес-үдерістеріне интеграциялау бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтарға байланысты.
ISO 37001 стандарты 2016 жылдың қараша айында жарық көрді. Оны әзірлеу бойынша жұмыс 4 жылдан астам уақытқа созылды, 44 елден 80-нен астам сарапшы тартылып, ең үздік әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелер пайдаланылды.
Стандарт - ұйымдарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі талаптар мен ұсыныстардың жиынтығы.
Стандарттағы әдістер сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Ұйымның меншік нысаны, қызметкерлер саны мен қызмет ауқымы, сонымен қатар ол қай елде екендігі маңызды емес, стандарт алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелердің талаптары мен нормаларына сәйкес келуге көмектеседі.
Стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі жеткілікті түрде толық айқындалғанын атап өткен жөн. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және ұйымның корпоративтік мәдениетін жақсартуға бағытталған шаралар мен бақылау рәсімдерінің тізбесі қамтылған.
Стандарт сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің мынадай негізгі элементтерін қамтиды.
Біріншіден, стандартта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, бақылау рәсімдерін енгізу, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығысын реттеу және ішкі аудит жүргізу бойынша толық ұсыныстар бар. Бұл ретте стандартта халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ететін маңызды ереже бар екенін атап өту маңызды – бұл комплаенс-қызметтің жоғары басшылыққа функционалдық бағынуы.
Екіншіден, стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің негізгі элементтерінің бірі – «жоғарыдан үн қосу» қағиданы іске асыру. Бұл қағидат жоғары басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін іске асыруға белсенді қатысуын білдіреді. Стандартта комплаенс-қызмет қызметкерлеріне қажетті ресурстар мен өкілеттіктерді беру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеуді көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің тиімділігін бақылау және бағалау кіретін жоғары басшылықтың өкілеттіктері егжей-тегжейлі сипатталған.
Үшіншіден, контрагенттерді тексерумен қатар, халықаралық стандартта үміткерді жұмысқа қабылдау немесе қызметкерді ауыстыру кезінде тексеру рәсімі сипатталған. Өйткені мұндай әрекеттер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, оның ішінде мүдделер қақтығысы қаупінің болуымен байланысты.
Төртіншіден, стандарт сыйлық беру және алу, өкілдік іс-шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық және демеушілік жобаларға қатысу сынды ұйым қызметінің бағыттарында бақылау рәсімдерін енгізу бөлігінде жан-жақты рәсімдерді қамтиды.
Бесіншіден, стандартта ұйымда қызметкерлердің ықтимал жемқорлық фактілері және әдепсіз мінез-құлық туралы ақпарат беру арналарын енгізу, сондай-ақ тергеу рәсімі және жемқорлыққа қатысты шаралар қабылдау туралы ережелер бар.
Айта кету керек, жоғарыда айтылғандар стандартта қамтылған жемқорлыққа қарсы шаралардың толық тізімі емес. Ұйымдар әрбір қабылданған шара негізделіп, ол тап болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты мен деңгейіне сәйкес келуі тиіс екенін есте сақтауы тиіс.
Тұтастай алғанда, ISO 37001 стандарты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру, әдетте, мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:
- Қолданыстағы басқару жүйесін талдау және ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын әзірлеу.
- Ұйымның мәнмәтініне және тәуекелдеріне қатысты құжаттаманы әзірлеу.
- Құжатталған рәсімдерді әзірлеу.
- Саясатты, рәсімдерді, нұсқаулықтарды әзірлеу және бизнес-үдерістерді түзету.
- Ішкі аудит жүргізу.
- Сертификаттық аудиттен өту.
Стандартты енгізудің салмақты дәлелі – ұйымның халықаралық сертификаттау аудитінен сәтті өту сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін тиімді енгізуінің қосымша растауы.
Сонымен қатар, бүгінде менеджмент жүйелерін сертификаттау бойынша қызметтер нарығында сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар, сондай-ақ аккредиттелмеген органдар бар екеніне назар аударамыз. Осы тұста ұйымдар үшін сертификаттау органын таңдағанда оның аккредиттелгенін тексеру өте маңызды, өйткені аккредиттелмеген органнан алынған сертификат басқа елдерде мойындалмайды.
Қазіргі таңда «МұнайТелеКом» ЖШС - гі Маңғыстау облысында орналасқан Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен өткен елдегі алғашқы мемлекеттік ұйыммен бірігіп аталған стандарттың талаптарына сәйкестіру мақсатында шарттарға қол қойып, жұмыс жасап жатқанын айтып кеткеніміз орынды болар..
Сонымен қатар, қажетті әдістемелік құралдар және халықаралық кеңесшілермен және сертификаттау органдарымен орнатылған іскерлік байланыстар бар екенін айтып кеткен жөн. Осының барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін енгізу және әзірлеу бойынша жеткілікті жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Жарияланған күні: 0
1 тамыз 2016
"04"августа 2016 г. состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя
01.08.2016 г. Всем работникам ТОО «Мунайтелеком» сообщаем, что «04» августа 2016 г., в 12:30 состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя с трудовым коллективом на месторождении «Каламкас» здание ЦАП «Каламкас».
29 шілде 2016
Үздік маман
«Мұнайтелеком» ЖШС-де ҚР мұнайгаз кешені қызметерлері Күні қарсаңында жұмыскерлер арасында «Үздік маман» кәсіби байқауы өткізілді, байқаудың қорытындыларын жариялаймыз:
21 шілде 2016
"Мұнайтелеком" ЖШС-нің басшылығының ауысуы
11 шілде 2016 ж. бастап «Мұнайтелеком» ЖШС-не
жаңа директор тағайындалды – Үмбеталин Абай Нариманұлы.
11 маусым 2015
Бағалық ұсыныс жолымен сатып алудың қорытындыларының күші жойылғандығы туралы хабарландыру
Сатып алу Ережесінің 114 б. сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді акционерлік қоғамы «Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы мен "Мұнайтелеком" ЖШС елу және одан астам пайызы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) сатып алу №15648 «Телефон Кабелі»569847 лоты бойынша сатып алулардың қорытындысы күшін жояды.
Деятельность
Компания объединяет нефтяные промыслы полуострова Мангистау в единое информационное пространство, непосредственно способствует освоению нефтяных богатств нашей земли, оказывает широкий спектр коммуникационных услуг.Оператор связи
Наша компания предоставляет услуг телекоммуникации, стационарной, спутниковой и подвижной радиосвязи, а также, монтаж и наладка средств автоматики, технологического оборудования, линий и технических средств связиСпектр услуг








