RU
Телекоммуникациялық оператор
50 жыл
біз байланыстамыз!
1966 жылдан бері

Жеті Қадам

“Самұрық-Қазына” қорында жас көшбасшыларды дамытуға арналған “Жеті Қадам” модульдік бағдарламасының екінші легі сәтті аяқталды. Бұл бағдарлама қордағы үздік жас мамандардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған және жастар саясатын қолдау аясында іске асырылды. Бағдарлама жас және болашағы зор қызметкерлерге басқару дағдыларын үйретіп, олардың коммуникативтік дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілетін, бюджеттік жоспарлаудың негіздерін түсінуді дамыту мақсатында құрылды. Жобаға қатысуға 1300ден астам маман өтініш білдіріп, екі кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесінде үздік 50 маман қатысушы атанды. Жобаға “Қазмұнайгаз” АҚнан 9қатысушы іріктелсе, солардың қатарында “Мұнайтелеком” ЖШС-інің метрология жөніндегі инженері Нұрғайынов Абылайхан бар. Жоба 5ай уақытқа созылып, әр түрлі модульдарды қамтыды, қортынды кезеңде әр қатысушы өз жеке жобасын жасақтап комиссия мүшелерінің алдында қорғап шықты. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративті басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жоба нәтижелерін қортындылап, жас мамандар жобадан алған білімдерін өз құзіреттілігінде қолданады деген сенім білдіріп,қатысушыларға сертификаттар табыстады.

Жарияланған күні: 0



1 тамыз 2016

"04"августа 2016 г. состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя

01.08.2016 г. Всем работникам ТОО «Мунайтелеком» сообщаем, что «04» августа 2016 г., в 12:30 состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя с трудовым коллективом на месторождении «Каламкас» здание ЦАП «Каламкас».  

29 шілде 2016

Үздік маман

«Мұнайтелеком» ЖШС-де  ҚР мұнайгаз кешені қызметерлері Күні қарсаңында жұмыскерлер арасында «Үздік маман» кәсіби  байқауы өткізілді, байқаудың қорытындыларын жариялаймыз:

21 шілде 2016

"Мұнайтелеком" ЖШС-нің басшылығының ауысуы

11 шілде 2016 ж. бастап «Мұнайтелеком» ЖШС-не жаңа директор тағайындалды – Үмбеталин Абай Нариманұлы. 

11 маусым 2015

Бағалық ұсыныс жолымен сатып алудың қорытындыларының күші жойылғандығы туралы хабарландыру

Сатып алу Ережесінің 114 б. сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді акционерлік қоғамы «Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы  мен "Мұнайтелеком" ЖШС елу және одан астам пайызы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) сатып алу №15648  «Телефон Кабелі»569847 лоты бойынша  сатып алулардың қорытындысы күшін жояды. 

 

 

 

Деятельность