RU
Телекоммуникациялық оператор
50 жыл
біз байланыстамыз!
1966 жылдан бері

2-3-ші қыркүйек күндері "Мұнайтелеком" ЖШС Қаламқас кен орнында Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні зор ықыласпен аталып өтті.

2-3-ші қыркүйек күндері "Мұнайтелеком" ЖШС Қаламқас кен орнында Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні зор ықыласпен аталып өтті.

Мерекелік жиында Қаламқас кен орны қызметкерлерін төл мерекелерімен «Мұнайтелеком» ЖШС басшылары құттықтап, еңбегі еленген азаматтарды Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік концертте күй тартылып, ән шырқалды, сахнада өнер көрсеткен "Жайдарман" командалары да көрермендердің көңілінен шықты. Қаламқас кен орнындағы мерекелік шаралардың негізгі бөлігі 3-ші қыркүйекте өтті. Мерекені тойлауға арнайы тігілген Ақбоз үйлерде мұнайшыларға арналған мәзірлі дастархан дайындалды.

Мереке мәдени астанамыз Алматыдан арнайы келген қонақтар, рухты әндерімен, қазақи болмысымен көпшіліктің көңілін тапқан "Алатау серілері" тобының концертімен жалғасты. Қаламқас сахнасында асқақ әндерін шырқаған эстрада жұлдыздары мұнайшылардың зор қошеметіне бөленді. Ертең Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнін Жетібай кен орны мұнайшылары тойлайды.

Мұнайшылар күні құтты болсын, мерекелі күндеріміз көп болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, құрметті мұнайшылар!

Жарияланған күні: 0



1 тамыз 2016

"04"августа 2016 г. состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя

01.08.2016 г. Всем работникам ТОО «Мунайтелеком» сообщаем, что «04» августа 2016 г., в 12:30 состоится Плановая отчетная встреча первого руководителя с трудовым коллективом на месторождении «Каламкас» здание ЦАП «Каламкас».  

29 шілде 2016

Үздік маман

«Мұнайтелеком» ЖШС-де  ҚР мұнайгаз кешені қызметерлері Күні қарсаңында жұмыскерлер арасында «Үздік маман» кәсіби  байқауы өткізілді, байқаудың қорытындыларын жариялаймыз:

21 шілде 2016

"Мұнайтелеком" ЖШС-нің басшылығының ауысуы

11 шілде 2016 ж. бастап «Мұнайтелеком» ЖШС-не жаңа директор тағайындалды – Үмбеталин Абай Нариманұлы. 

11 маусым 2015

Бағалық ұсыныс жолымен сатып алудың қорытындыларының күші жойылғандығы туралы хабарландыру

Сатып алу Ережесінің 114 б. сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді акционерлік қоғамы «Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы  мен "Мұнайтелеком" ЖШС елу және одан астам пайызы дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) сатып алу №15648  «Телефон Кабелі»569847 лоты бойынша  сатып алулардың қорытындысы күшін жояды. 

 

 

 

Деятельность