RU
Телекоммуникациялық оператор
50 жыл
біз байланыстамыз!
1966 жылдан бері

«Мұнайтелеком» ЖШС компаниясының қызметі

Компания Маңғыстау түбегінің мұнай кәсіпшілік кенттерін, елді мекендерін: Ескі Жетібай, Мұнайшы, Қызыл-Төбе, Ынтымақ, Бозашы түбегі мен Ақтау қаласын бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіреді, біздің жердегі  мұнай байлығын игеруде тікелей ықпал етеді, әр түрлі санаттағы тұтынушыларға есептелген кең қызмет түрлерін көрсетеді және аймақта орнықты позицияларды алып отыр. Серіктестіктің негізгі  қызмет түрлері  төменде көсетілген сервистік қызметтер көрсету болып табылады:

  • Өлшеу құралдары, автоматика және телемеханика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету
  • Метрологиялық қамту: өлшеу құралдарын тексеру және жөндеу
  • Телекоммуникациялық қызмет  көрсету, стационарлық және жылжымалы радиобайланыс
  • Өрт және күзет дабылдамалары құралдарын монтаждау, баптау және қазмет көрсету
  • Технологиялық жабдықтарды, желілерді, байланыстың техникалық құралдарын және телемеханика, автоматика БӨҚ  құралдарын монтаждау және баптау
  • Түбектің мұнай кен орындарында кабельдік және спутниктік теледидар қызметін көрсету
  • Бейнебақылауға техникалық қызмет көрсету
  • Автоматика және телемеханика, күзет өрт дабылдамалары, байланысқа құрылыс-монтаждау жұмыстары 


Оқылған саны: 4619

 

 

 

Деятельность